Бұл туралы Астана қалалық әкімдігі мәлімдеді. Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жекеменшік екі қабатты үйде екі отбасы тұрған, деп хабарлайды BAQKZ.
Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді.
Құрбан болған зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Құрбан болмаған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды, - делінген хабарламада.
Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі.