Астанада өрт сөндірушілер өрттен 3 газ баллонын алып шықты

Бүгiн, 00:28
149
Бөлісу:
Астанада өрт сөндірушілер өрттен 3 газ баллонын алып шықты
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Елордада өрт сөндірушілер өрттен 3 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, елордалық гарнизонның диспетчеріне Алматы ауданындағы Нұрлыжол көшесі бойындағы барак үлгісіндегі көппәтерлі үйдің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептоптары шаруашылық құрылыстың жанып жатқанын анықтады. ТЖД күшімен өртке оранған құрылыстан 3 газ баллоны жедел түрде шығарылып, өрт 100 шаршы метр алаңда сөндірілді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы