Астанада оқушыны ұрып жіберген мұғалім жұмыстан шығарылды

Мектепте мұғалім оқушысына ұрған. Сонымен қатар, видеодан мұғалімнің оқушыға қарата балағат сөздер айтқанын естуге болады.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 18:32
Бүгiн 2026, 18:32
185
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астанадағы мектептердің бірінде мұғалімнің оқушыға қол көтергені анықталды. Қалалық білім басқармасы бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме берді.

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде бейнежазба тарай бастағаннан кейін белгілі болды. Видеода ер адамның мектеп оқушысына күш қолданғаны көрінеді. Сонымен қатар, мұғалімнің оқушыға қарата балағат сөздер айтқанын естуге болады.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, қызметтік тексеріс нәтижесінде бұл дерек расталды.

Оқушыға қатысты физикалық күш қолдану дерегі анықталды. Педагог Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасы негізінде атқарып отырған қызметінен босатылды. Қосымша тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды. Мектеп басшысы мен оның орынбасарларына дербес жауапкершілік жүктеліп, оларға ресми тәртіптік жаза берілді, – деп нақтылады ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім қамаққа алынды. 

 

Наверх