Астанада өңірлік кадр резервіне іріктеу наурыз айында басталады

9 Ақпан 2024, 12:07
477
Бөлісу:
Астанада өңірлік кадр резервіне іріктеу наурыз айында басталады
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің астаналық департаменті 1-31 наурыз аралығында өңірлік кадр резервіне кандидаттарды іріктеу үшін құжаттар қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кандидаттардың Қазақстан Республикасының азаматтығы, жоғары білімі, еңбек өтілі кемінде үш жыл болуы және құжаттарды тапсыру сәтінде 35 жастан аспауы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша өтеді:
1) Әлеуметтік сала;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
3) экология;
4) цифрландыру.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1-31 наурызы аралығында өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада жүргізіледі. onir.pkrezerv.gov.kz. жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Үміткерлер құжаттарды қағазбен де, электронды түрде де ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: astana@onir.pkrezerv.gov.kz 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 3 қабат, 304 кабинет.

Бұл ретте құжаттарды қағаз форматта не электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада тіркеледі (onir.pkrezerv.gov.kz). Құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүктеуі керек.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы толық ақпаратты және басқа да мәліметтерді онлайн-платформадан алуға болады onir.pkrezerv.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің интернет-ресурсында www.qyzmet.gov.kz, әлеуметтік желілердегі ведомство беттерінде (Instagram), сондай-ақ телефондар арқылы: +7 7172 248926, +7 7172 248896, +7 7172 248831 алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы