Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада өндірістік цех өртенді

27 Қазан 2025, 10:15
403
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
VIDEO
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Елордалық құтқарушылар Байқоңыр ауданындағы Ақсай көшесінде орналасқан шаруашылық нысанындағы өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, өрт туралы хабар бүгін түскен. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жеткен. Қазіргі кезде оқиға жоғары деңгейдегі шақырту бойынша сөндірілуде.

Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылып, су үздіксіз беріліп жатыр. Оқиға орнында төрт жауынгерлік бөлімше жұмыс істеуде, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы