Астанада Өндіріс көшесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

17 Қазан 2023, 00:42
478
Бөлісу:
Астанада Өндіріс көшесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: gov.kz

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Өндіріс көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 17-20 қазан аралығында Солтүстік айналма жолдан «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы