9 және 10 қыркүйекте елордада неміс мәдениетіне арналған «Wir sind zusammen» ХІ республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Фестиваль қонақтарына арнап мастер-класстар мен көрмелер, концерттер, қызықты квестер, жалынды флешмобтар, көңілді конкурстар және тағы басқалар ұйымдастырылады.
Фестиваль аясында 9 қыркүйек күні сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ғимаратының алдындағы алаңда:
- республика өңірлерінен келген шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы;
- тақырыптық этноауыл (неміс тағамдары, қолөнер, неміс үйінің интерьері, неміс тілінің салондары, фольклор, маусымдық мерекелер);
- отандық брендтердің ауыл шаруашылығы өнімдерін көрме-сату («Рубиком», «Агрофирма» Родина», «Голд Продукт», «Курочка Ряба», «Жаңа күн», «Рагтайм» ШҚ және т.б.).
Филармония фойесінде Қазақстан немістерінің виртуалды мұражайы мен кинохроника фестивалі өтеді.
10 қыркүйекте қазақ-неміс орталығында – Кенесары көшесі, 42/1 сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін неміс тілі мен диалектілерінің, халық билерінің, асханалардың шығармашылық зертханалары жұмыс істейтін болады.
Сағат 12:30-14:30 аралығында шығармашылық салондар мен мастер-класс жұмысы ұйымдастырылады (зияткерлік ойын, фильмдер көрсету, көркемсурет салоны).
Бұл күні сағат 16:00-де филармонияның концерт залының сахнасында екі сағаттық бағдарламамен республика өңірлерінен келген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.