Астана мен Ақмола облысының интернет-шлюздегі электрмен жабдықтау құрылғысында апат болып, телекоммуникациялық құрылғының жұмысында кідіріс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мемлекеттік техникалық қызмет мекемесіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты құрылғылар резервтегі қуат көздеріне ауыстырылды. Электр жүйесіндегі кідіріс жүйенің жұмысына әсер еткен жоқ, алайда Астана қаласы мен Ақмола облысында интернет біршама болмай қалды.
Қазіргі таңда барлық құрылғылар қалыпты жұмыс істеп тұр.