Астанада неге қоғамдық көлік жетіспейді? Бұл сұраққа Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ОКҚ алаңында өткен брифингте әкім Астанада автобус тапшы екенін мойындады. Оның сөзінше, қала халқы бір жылда 60-70 мың адамға көбейіп жатыр.
Қалада 1,5 мың автобус жұмыс істеп тұр. Соңғы 1,5 жылда 706 автобус жаңартылды. Нақтырақ айтсақ, қаладағы парктің 45 пайызын жаңарттық. Келесі жылы қосымша 300 автобус сатып аламыз деп жоспарлап отырмыз. Біздің ойымызша, 300 автобус жиналып қалған күрделі мәселені шешуге мүмкіндік береді. Қазір көлік паркінің тең жартысы жаңа автобустар. Бұрынғымен салыстыра алмаймыз, - деді Жеңіс Қасымбек.