Бүгін Астанадағы орталық саябақта қыс мезгілінің салтанатты ашылуына орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.
Биыл елорданың орталық саябағында ұзындығы 290 метр болатын мұз айдыны ашылды. Бұл – қаладағы ең ұзын мұз айдыны. Мұнда шаһар тұрғындары мен қонақтары қыс бойы келіп, сырғанақ тебе алады. Сондай-ақ саябақта бірнеше фотоаймақтар, әдемі декорациялар мен инсталляциялар бар. Әр сенбі мен жексенбі күндері тұрғындар мен қала қонақтары үшін мерекелік бағдарламалар мен ойын-сауық ұйымдастырылады. Бұл астаналықтардың уақытын қызықты әрі пайдалы өткізетін мекеніне айналатынына сенімдімін, - деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.
Сонымен қоса мерекелік қалашықта шаһар тұрғындары коньки тебе алады. Мұнда жалға беру пунктері де жұмыс істейді.