15 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Showdown» үстел теннисінен І ші қалалық ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлады BAQ.KZ.
Чемпионаттың мақсаты – алдағы республикалық, халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысу үшін құрама команда жасақтау. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған үстел теннисі ойыны Showdown деп аталады. Бұл ойын Ресей, Болгария, Германия елдерінде жақсы дамыған. Тұрақты чемпионаттар өткізіліп тұрады. «Showdown» үстел теннисінің өзгешелігі елордада алғаш рет өткізіліп отыр. Енд астаналық зағип жандар елімізде енді ғана дамып жатқан «Showdown» ойынын игеруде,- дейді «Көзімнің қарасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы.