7-12 сәуір аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша көлік қозғалысы жабылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісу бойынша Перне көшесінен Күршім көшесіне дейінгі учаскеде – Мөңкеұлы көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы басталғанын мәлімдеді, - делінген қала әкімдігінің ресми сайты таратқан хабарламада.
Осыған байланысты осы жылдың 7-12 сәуір аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша көлік қозғалысы жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.