Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада мемлекеттік органдардың қызметкерлері азаматтарды қабылдайды

19 Қараша 2024, 13:30
800
Бөлісу:
 Елорда әкімдігі
Фото: Елорда әкімдігі

22 қараша күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында "Заң керуені" акциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында прокуратура, полиция және қала әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды жеке қабылдайды.

"Заң керуені" акциясы аясында Астана тұрғындары елорданың мемлекеттік органдарының уәкілетті тұлғаларына сұрақтар қоя алады.

Іс-шара 22 қараша күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында өтеді.

Жеке қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі, өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.

Өзгелердің жаңалығы