Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада мектеп жанынан жасөспірім қыздың денесі табылды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
11 Қыркүйек 2024, 18:02
1393
Бөлісу:

10 қыркүйекте елордада кәмелетке толмаған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы білім басқармасының мәліметінше, жасөспірім қыздың денесінен жарақат табылмаған.

Хабарлама 10 қыркүйекте келіп түскен. Кәмелетке толмағанның мәйітін қарау кезінде көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген білім басқармасының хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жариялауға ​​жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы