Бүгін Астанадағы Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде «STAKEHOLDER – бала тәрбиесіндегі бірлік»» атты республикалық спикерлердің қатысауымен қалалық ата-аналар форумы өтті. Іс-шараға жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие орынбасарлары, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары, қалалық ұйымдардың сарапшылары мен өкілдері, сондай-ақ білім алушылардың ата-аналары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Форумның негізгі мақсаты – мектеп, отбасы және қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, біртұтас тәрбиелік кеңістікті қалыптастыру, ата-аналар мен педагогтер арасындағы серіктестікті нығайту және баланың тұлғалық, азаматтық дамуын қолдау болды.
Форумның пленарлық бөлімінің алғы сөзін ҚР оқу-ағарту министрінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы, «Білім Болашағы» ҚҚ директоры Қадырова Шолпан Маратовна бастап беріп, форумға сәттілік тіледі.
Пленарлық бөлімнің тың тақырыптарын әрі қарай «BINOM EDUCATION» БҚ тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім басшысы Мұхтар Дастан Бекболатұлы «Эмоцияны түсіну — тәрбиенің жаңа тілі» тақырыбында бала тәрбиесіндегі басты мәселелер туралы көпшілік ортасына ой тастады, кез келген жағдаяттан шығу жолдары арқылы шабыттандырды.
«4 шага бережного родительства», тренингін сертификатталған гештальт-психолог Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Суицидтің алдын алу жөніндегі жобалық кеңсенің бас консультанты Лейла Мирас ұтымды ұйымдастырды.
«Отбасы мен мектеп серіктестігі: ресурстар және олардың мектептің әл-ауқатына қосатын үлесі» тренингін Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы және мүшелері Мукушев Адилет Каирбекович, Шамакова Жанат Мусаевна, Нұрғалиев Берікхан Ағыбайұлы әсерлі өткізсе, «Құндылықтарға негізделген үштік одақ» тренингін Qundylyq.kz мұғалімдерді кәсіби дамыту орталығының педагог тренері Абылай Нұрдәулет Досжанұлы аудиторияның назарын өзекті мәселеге аудара алды. «SEL: жайлы орта – жарқын болашақ» тақырыбында өз ойымен бөліскен Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, 10-сынып оқушысы Жомарт Алдияр Бекайдарұлы жайлы орта білім алушының келешектің нақты бағытын айқындайтынын дәлелді жеткізе білді. «Отбасы мен мектеп серіктестігі – баланың табысты болашағының кепілі» тақырыбында Қарағанды қ., Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің ата-аналар мектебінің үйлестірушісі, Қарағанды облысы Әкелер одағы ҚБ мүшесі Несипбаев Өмірсерік Бауыржанұлы ата-аналар қауымына сүбелі ой тастаса, «Әкелер одағы: бала тәрбиесіндегі бірлік пен жауапкершілік» тақырыбында Қарағанды облыстық Әкелер одағы РҚБ-нің мүшесі, Абай атындағы мектеп-гимназиясының белсенді әкесі Пирметов Марат Эгамбердиевич әкенің отбасы алдындағы жауапкершілігін айқындап берді. «BINOM армандар орындалатын, бақыт мекені» тренинг-практикумын ұйымдастырған Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің түлектері Мейірлан Төлеуіш және Мансұр Жәкен білім ордасынан алған тағылым мен танымның өмірлік дұрыс бағыты әлі талай асуларды бағындырып, биік белестерге жетелейтінін тілге тиек етті.
Форум қорытындысында Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің директоры Сатжан Кәрібайұлы Омаров ата-аналар қауымдастығы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың, бірліктің, бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесі – көпке үлгі, тәжірибе алмасу алаңы екенін айтып өтті. Кері байланыс кезінде ата-аналар, қонақтар тарпынан жылы лебіздер айтылып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын талқылады. Іс-шара ұлттық нақышта, домбыра сүйемелдеуімен музыкалық қойылыммен және алғыс білдіру рәсімімен аяқталды.
Аталған форум білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға, мектеп пен отбасы арасындағы серіктестікті нығайтуға және жас ұрпақты жауапты, саналы азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған маңызды алаң болды.