Дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу кезінде қала тұрғындары сақтық шараларын сақтауы керек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, масалардың жаппай ұшу формасымен күресу үшін саябақтарда, алаңдарда, тұрғын алаптарда шіркейлерге қарсы іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
Бұл іс-шаралар сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін өткізіледі, өңдеу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтау маңызды:
• өңделетін аймаққа баруды шектеу;
• өңдеу кезінде терезелерді жабу.
Бұл дезинсекциялық шаралар тітіркендіргіш жәндіктердің санын толық жойылуға емес, азайтуға бағытталған, өйткені олар табиғи экожүйенің ажырамас бөлігі болып саналады.
Сондай-ақ биыл су айдындарындағы дернәсілдік кезеңге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар үшін фауна мен флора үшін зиянсыз биологиялық препараттар пайдаланылатынын атап өткен жөн.
Техникалық жабдықтардан басқа, ауқымды дезинсекциялық іс-шаралар үшін дезинсекциялық жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқама жүргізе отырып, дезинсекция бойынша кәсіби қызметке оқытылған 100 дезинфекциялаушы тартылды.