Астанада лицензиясы жоқ пиротехникалық заттар тәркіленді

30 Желтоқсан 2022, 18:13
953
Бөлісу:
Астанада лицензиясы жоқ пиротехникалық заттар тәркіленді

Елордада сәйкес сертификаты жоқ 1,5 мыңға жуық пиротехникалық өнім тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желтоқсанның 25-інен бастап полицейлер ТЖД азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, заңсыз пиротехникалық заттарды сату орындарына рейд жүргізіп жатыр. Шара басталғалы сәйкестік сертификаты жоқ 1494 пиротехникалық зат тәркіленді. Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны үшін 20-дан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, полиция қызметкерлері бір күндік рейд барысында заңсыз сатудың 10 фактісін анықтады.

Түркістан көшесіндегі үйдің ауласынан жүргізушісі пиротехникалық заттарды заңсыз сатқан көлік табылды. 28 жастағы астаналық тұрғыннан 417 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді. Заңсыз сауда жасағаны үшін барлық сатушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 196 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Өзгелердің жаңалығы