Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 70-тен астам шетелдік елден шығарылды

Бөлісу:
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 70-тен астам шетелдік елден шығарылды
Фото: архив

Астанада "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзудың 400-ден астам фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Әкімшілік соттың шешімімен 70-тен астам шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік 33 жастағы азаматты анықтады, ол 2021 жылы Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен ҚР шегінен шығарылған, алайда қазіргі уақытқа дейін елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған. Мигрант ҚР шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберілді, – деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы