Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды

Елордалық құтқарушылар автокөлік өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 видеодан кадр 12 Желтоқсан 2024 2024, 02:30
12 Желтоқсан 2024 2024, 02:30
1721
Фото: видеодан кадр

Елордалық құтқарушылар автокөлік өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Нұра ауданы Төле би және Сығанақ көшелерінің қиылысында жеңіл автокөліктің жануы орын алды.

Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ автокөлік иелеріне бірнеше кеңес ұсынады:

  • жылдың суық мезгілінде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбаңыз;
  • автомобильдің техникалық жай-күйін ұдайы қадағалап отырыңыз;
  • автомобильдің тұтануының бастапқы кезеңінде өрт сөндіргіштің көмегімен отты жоюға тырысыңыз;
  • егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.
Наверх