Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Zakon.kz-тің жазуынша, 14 сәуірде сағат 18:23-те «102» арнасына Сарыарқа даңғылының бойында әйелдің мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлама келіп түскен.
Әйелдің кім екені анықталды, ол 54 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Сарапшының тексеруі кезінде дене жарақаттары табылмады, – деді ведомство.
Қазір қажетті сараптамалар тағайындалды.