Қала көшелерін қардан тазартуға түнгі ауысымға 1200-ден аса арнайы техника мен 300-ден аса жол жұмысшысы шықты. Қардан тазарту ауысымдық режимде жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Қар тазалау, сондай-ақ маршруттарды түзету жұмыстары кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс пайда болмас үшін қарқынды қозғалыс учаскелері тазартылады. Әрі қарай орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар қардан тазартылады.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
Бүгін қаладан 20 мың текше метрден аса қар шығарылды, бұл - 1609 ауыр жүк рейсі.
Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, жауын-шашын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.