Астанада командалық көкпардан жарыс өтеді

Бүгiн, 19:15
108
Бөлісу:
Астанада командалық көкпардан жарыс өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада «Азия Көкпар Лигасы» командалық көкпардан қызықты лига өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

21 шілдеде сағат 16.00-де «Тұлпар» ат спорты клубында төрт команданың қатысуымен ең үздік спортшылар мен жарқын медиа тұлғалар қатысатын орасан зор іс-шара өтеді. Көрермендер асық атудан чемпионатта да өз дағдыларын көрсете алады.

Сондай-ақ барлық қатысушылар мен қонақтар үшін бүркіт, сұңқар және қазақтың ит тұқымы – тазы бар фотосуреттерге арналған орын ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы