Астанада көктемгі дератизация жұмысы басталады

Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы көктемгі дератизация жұмысын өткізуді бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

6 Сәуір 2023 2023, 12:54
АВТОР
 pervo.ru 6 Сәуір 2023 2023, 12:54
6 Сәуір 2023 2023, 12:54
951
Фото: pervo.ru

Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы көктемгі дератизация жұмысын өткізуді бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар жеке секторды және ашық аумақтарды (саябақтар, зираттар, өзен жағасы, су қоймалары мен каналдар) қамтитын болады. 

Тұрғындар арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік жөнінде нұсқаулары өткізіледі. 

Мамандар тұрғын үйлерді 3 тур (дезинфекторлар жеке секторларға 3 рет кіреді) бойынша өңдейді. 

Оның барысында 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарланып отыр. 

Үй иелері сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде: жертөлелерге немесе үйдің төбесіне орналастыру керек. 

Сондай-ақ дератизация ашық алаңдарда жүргізілетін болады. 

Улы препараттарды орнату өзендердің, каналдардың, су айдындарының маңында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3264 гектарды құрайды. Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген құрамында бромадиолон және бродефор препараттарын қамтитын дән түріндегі улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі. Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Наверх