EXPO кешенінде кеше басталған екікүндік шарада көптеген кофе бренді мен кофе дайындаушы бас қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Онда кофе дәндерін жеткізушілер, сироп дайындаушылар, сондай-ақ кофеге қажет ыдыс-аяқ өндірушілер бар.
Ал бағдарламасында:
- қазақстандық және шетелдік компаниялардың кофе өнімдерінің, жабдықтары мен қызметтерінің көрмесі;
- кофе және гастрономиялық өнімдер жәрмеңкесі;
- мейрамхана бизнесінің жетекші сарапшыларының дәрістері мен семинарлары бар іскерлік бағдарлама;
- мастер-класстар, дәм тату, конкурстар мен ұтыс ойындары;
- Dalla Corte Cup чемпионаты;
- музыкалық безендірілген көше тағамдары корты ұйымдастырылған.
Айта кетейік, бұл – кофе индустриясының мамандары мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден келген кофе әуесқойларын біріктіретін басты және ауқымды шара.
Фестиваль B2B сегменті мамандары мен кең аудиторияға (B2C) арналған көрме-жәрмеңке форматында өтіп жатыр.