Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады

18 Шілде 2025, 06:36
436
Бөлісу:
 Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 19-21 шілде аралығында Керей Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі ішінара жабылады, деп хабарлады BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейінгі аралықта жол төсемінің жоғарғы қабатын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты көлік қозғалысы екі бағытта да кезең-кезеңімен шектеледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады. Уақытша шектеулер кезінде жол бойына жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Өзгелердің жаңалығы