Астанада Кенесары хан ескерткіші жөнделеді

29 Қазан 2024, 20:27
339
Бөлісу:
Астанада Кенесары хан ескерткіші жөнделеді
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қаланың Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында 2024-2025 жылдары Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішін қайта жаңарту жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, нысан апатты деп танылды. Нысан іргетасының құлау қаупі бар.

Нысанды бөлшектеу биылғы қараша айында басталады. Нысанның өзі жаңартылғаннан кейін 2025 жылдың көктемінде орнына қайтарылады деп жоспарлануда.

Жаңарту келесідей жұмыстарды орындауды қамтиды: мүсінді бөлшектеу және оны кейіннен қалпына келтіру, тұғырды және оған іргелес аумақты бөлшектеу, бұрғылау үйіндісін орнату, сондай-ақ құрылымды кейіннен монтаждау және тұғырды қаптау материалымен әрлеу.

Өзгелердің жаңалығы