Астанада кәсіпкерлер мәселелері көтерілді

7 Қараша 2024, 17:31
1289
Бөлісу:
Астанада кәсіпкерлер мәселелері көтерілді
Фото: BAQ.KZ

Астанада “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдын ала съезі мен съезі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдын ала съезге Қазақстанның барлық өңірінен 400-ден астам делегат және 200-ге жуық бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты. Қатысушылардың мемлекеттік органдарға сұрақ қоюы арқылы соңғы бірнеше ай бойы кәсіпкерлер мен делегаттардан түскен мәселелер қаралды.

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталов алдын ала съез бен съез бизнес үшін маңызды оқиға екенін айтты.

Бүгін талқыланып жатқан проблемалар әкімдіктер деңгейінде де, мемлекеттік органдар деңгейінде де талқыланды. Олардың ішінен шешілмеген, жекелей талқылауды қажет ететін сұрақтар бүгін көтерілді. Шешілмеген сұрақтарымен Қазақстанның барлық өңірінен келген бизнес өкілдері министр орынбасарлары, барлық дерлік мемлекеттік органдар басшылары, оның ішінде бақылау-қадағалау органдары, мемлекеттік кірістер комитетіне өз сауалдарын қойды, - деді Баталов.

Айта кетейік, ертең cъез жалғасы ретінде “Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес” форумы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы