Астанада кальян шеккендер айыппұл арқалады

Кеше, 01:18
242
Бөлісу:
Астанада кальян шеккендер айыппұл арқалады
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың Сарайшық ауданында заңсыз кальян шегу фактілерін анықтау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде рейд жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Профилактикалық шараны ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Сарайшық ауданындағы екі мекемеде жүргізілген рейд барысында кальян шегудің айғағы анықталды. Тәртіп бұзушыларға 117 960 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы мекемеге қарсы ұсыныс берілді. Кальяндар тәркіленді.

Рейдтік іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде құқық қорғау органдары қала тұрғындарының шағымдарын ескеріп, аталған аумақтарда құқық бұзушылықтарға талдау жүргізгені атап өтілді. Полиция мұндай рейдтер демалыс және мереке күндері күшейе отырып, тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.

Заңбұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - деді учаскелік полиция майоры Ғалым Мұстаханов.

Еске салайық, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Тиісті талап бұзылса, кальян шегетіндерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Өзгелердің жаңалығы