Астанада күн жылынады

<h3> <p> Астана, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжамы бойынша қаңтар айының соңғы күндері ауа райы жылынады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. </p> </h3> <p> <br> </p>

29 Қаңтар 2019 2019, 21:15
 29 Қаңтар 2019 2019, 21:15
29 Қаңтар 2019 2019, 21:15
2477

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжамы бойынша қаңтар айының соңғы күндері ауа райы жылынады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -17...-19°С, күндіз -8...-10°С болады.

31 қаңтарда көшпелі бұлт шығып, аздап қар жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -15...-17°С, күндіз -12...-14°С болмақ.

1 ақпанда Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан екпіні 9-14 м/с дейін жететін жел соғады. Сынап бағанасы түнде -26...-28°С, күндіз -18...-20°С көрсетеді.

 

Наверх