Өнер мен поэзияны ұштастырған кешті täuel[x]sız арт-жобасы ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кеште өнерпаздар еліміздің басынан өткен және қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін жасанды интеллект арқылы сахналады.
Заманауи қазақ поэзиясының өкілдері – Тілеубек Батыс, Жамбыл Бақыәліұлы, Салтанат Мадиярқызы Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Серік Ақсұңқарұлы секілді ақындардың өлеңдері оқылып, Ұ. Есдәулетов, Т. Мұхамеджанов, Сағди, Үміт Долькей сынды әншілердің авторлық әні шырқалды.
täuel[х]sız жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мақсаты – қоғамдағы түрлі әлеуметтік, өзекті мәселелерді өнер арқылы кең көпшілікке жеткізу. Сондай-ақ, заманауи поэзия өкілдері — жас авторлар мен олардың шығармашылығын таныту.
Жоба 2021 жылғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының және Халықаралық ARTIF Awards байқауының жеңімпазы.