Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада инвесторға қазақ-неміс мектебін салуға кедергі келтірілген

5 Қыркүйек 2025, 17:34
467
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Астана прокуратурасы 4 инвестордың құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда прокуратурасы тұрақты түрде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.

Талдау барысында уәкілетті орган тарапынан бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларынан (бұдан әрі – ЕТЖЖ) ауытқып, жер учаскелерін келісу фактілері анықталды.

Кейіннен инвесторлар өз жобаларын іске асыру барысында игеріліп жатқан жерлер бойынша ЕТЖЖ-ға сәйкес келмеуіне байланысты оң шешім ала алмаған.

Мәселен инвесторлардың біріне құны 4,5  млрд теңге және 82 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 600 оқушыға есептелген қазақ-неміс мектебін салу үшін жер телімі бөлінген.

Алайда жер телімін тіркеу кезінде инвестор 5 рет бас тарту алған, себебі ЕТЖЖ бойынша бұл учаскеде сауда орталығы орналасуы керек болған.  

«Сарайшық» ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 4 инвесторға олардың жалпы сомасы 7,5 млрд  теңге құрайтын жобаларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысын жүзеге асыру үшін жер учаскелері берілді.

Өзгелердің жаңалығы