Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтеді

16 Сәуір 2025, 09:25
240
Бөлісу:
Астанада II Орталық Азия медиафорумы өтеді
Фото: gov.kz

Астанада 2025 жылдың 16–17 сәуір күндері II Орталық Азия медиафорумы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форумда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдердің медиа саласының жетекшілері мен сарапшылары бас қосады.

Екі күн бойы өтетін панельдік сессияларда Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ-тары үшін жаңа даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелері, жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер кезеңіндегі медианың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ ел имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланады.

Медиафорумға 500-ден астам қатысушы келеді. Олар отандық және шетелдік БАҚ басшылары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметі өкілдері, ЖОО студенттері, инфлюенсерлер, медиа сарапшылар.  Форум аясында Euronews, CNN, Яндекс және басқа да жетекші ұйымдар мамандары шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сонымен қатар медиафорум аясында Орталық Азия елдері ақпарат министрлерінің кездесуі жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы