Елордадағы Qazaqstan спорт кешенінде өткен Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирінен кейін жанкүйерлер спорт кешенінде қалған қоқысты жинады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Мұндай тазалық акциялары елорда тұрғындары үшін игі дәстүрге айналып келеді.
Жеңіл атлетикадан әлемдік жұлдыздарды өз көзіммен көргеніме қуанып отырмын. Шетелдік ақпарат құралдарында стадионды жанкүйерлер тазалады деген ақпаратты жиі оқып, таңғалушы едім. Бүгін мен де қаланың тазалығына үлес қосып отырмын, - деді акцияға қатысқан жанкүйердің бірі.
Айта кетейік, бүгін ел астанасы өз тарихында екінші мәрте Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирін өткізді. Байрақты бәсекеде 42 елден келген 150-ге жуық спортшы 13 дисциплина бойынша мықтыларды анықтады.