Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды

«Қылмысты тоқтату» жедел-алдын алу шарасы кезінде елордалық сақшылар халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 Желтоқсан 2024 2024, 12:59
АВТОР
 АСтана қаласы ПД 27 Желтоқсан 2024 2024, 12:59
27 Желтоқсан 2024 2024, 12:59
693
Фото: АСтана қаласы ПД

«Қылмысты тоқтату» жедел-алдын алу шарасы кезінде елордалық сақшылар халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

35 жастағы әйел адам Ресей елінде полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, кейін елден кеткен. Ағымдағы жылдың қараша айында әйел адамға қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Қазақстанда күдікті жұмыс іздеп келген. Полицейлер оны жедел алдын алу шарасы барысында тұрғын үйлерді тексерген кезде анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта ұсталған адам Уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды, ол экстрадициялау шешімі шыққанға дейін сол жерде болады. Жақын арада ол іздеу бастамашысы – Ресей Федерациясының қылмыстық іздеу органына тапсырылады.

Наверх