12 желтоқсанда «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп «Оңалтуға көмектің көпбейінді және интеграцияланған тәсілі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – оңалту көмегіне байланысты ғылыми, практикалық және сараптамалық практикаларды, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға жариялау болып табылады.
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Франция елшісі Дидье Канесс, сондай-ақ Hopale Қоры мен медициналық орталықтардың француз делегациясының өкілдері қатысады.
Конференцияда балалар мен ересектер үшін диагностика тәсілінің, заманауи медициналық оңалтудың қолжетімділігінің және оны көрсетудің ең талқыланатын мәселелері талданатын болады.
Форумға қатысушылар неврологиялық физиотерапия, балалардағы ортопедиялық оңалту, жұлын жарақаттарын оңалту мәселелерін, балаларды оңалтудың көпсалалы және интеграцияланған тәсілінің аспектілерін талқылауға ниетті.
Сондай-ақ, курорттық факторлардың медициналық оңалтуға әсері және балалардағы санаторийлік-курорттық емдеу мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар, конференция бағдарламасында медициналық туризм саласы үшін оңалту көмегінің тартымдылығы, оңалту іс-шараларында оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдану, Қазақстандағы медициналық оңалтудың қазіргі заманғы үрдістері, «Қамқорлық» орталықтары - мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылының нәтижесі сияқты тақырыптар бар.
Іс-шара шеңберінде қатысушылар Hopale қоры (Франция), ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ арасында Болашақ халықаралық ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар мен қонақтар үшін орталыққа таныстыру экскурсиясы жоспарлануда: роботтандырылған оңалту зертханасына, қысқы баққа, автодромға, модельдеу және ортездеу зертханасына, әлеуметтік-педагогикалық оңалту зертханасына бару, сондай-ақ «Франция» залы мен жас ғалымдар/оңалтушылар мектебін ашу.