Астанада газ баллондарын тиеген көлік өртенді

Елордалық өрт сөндірушілер 11 газ баллонының жарылуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 Қазан 2024 2024, 20:56
АВТОР
 скрин 21 Қазан 2024 2024, 20:56
21 Қазан 2024 2024, 20:56
784
Фото: скрин

Елордалық өрт сөндірушілер 11 газ баллонының жарылуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқоңыр ауданында, Бектау көшесінде газ баллондары тиелген жүк көлігі жанып, қызып жарыла бастаған.

Оқиға орнына келген ТЖМ күштері мен құралдары бірнеше минут ішінде оқпанмен су беріп, баллондарды салқындату арқылы өртті жойды.

Жақын жерде тұрған 3 көлік өрттен зақымдалды.

Өрт сөндірушілер 8 көлікті, жақын маңдағы тұрғын үйлерді және 17-ден 11 газ баллонын өрттен алып шықты.

Зардап шеккендер жоқ.

Наверх