Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан – Уэльс ойынынан кейін жанкүйерлер «Астана-Арена» стадионында ерекше экологиялық акция ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ойын соңында жанкүйерлердің бір бөлігі трибуналарда қалып, қоқыс жинап, тазалық мәдениетін қолдауға үлес қосты. Шараға астаналықтардың сүйікті экобейнесі – Тазабек те қатысып, жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл бастама футбол мерекесін ерекше рухта аяқтап, елордалық жанкүйерлердің ұлттық құрамаға қолдаумен қатар, қала тазалығы мен экологиясына да жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.