Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды

16 Маусым 2024, 17:31
256
Бөлісу:
Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада " Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі " экологиялық акциясы кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

300-ден астам адам қар полигоны маңайында тазалық жұмысын ұйымдастырды. Сонымен қатар тазалық жұмысына 15 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды.

Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды, – деп жазылған хабарламада.

Іс-шара мердігер ұйымдардың, жергілікті белсенділердің, аудандық әкімдік қызметкерлерінің және Қорғаныс министрлігінің "68665 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі сарбаздарының белсенді қатысуымен өтті.

Айта кету керек, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәрізі, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы