Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылғы 12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп жазылған хабарламасда.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның басым өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын.