Елордада Д.Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.
Осыған байланысты, 17 тамыз сағат 19:00-ден 18 тамыз сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады, - делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.