Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада екі көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті

3 Желтоқсан 2025, 00:30
457
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Астанада Сығанақ пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында Geely және Toyota көліктері соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция мәліметінше, Geely жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсі жанғанда қиылысқа шыққан, бірақ қарсы бағытта келе жатқан Toyota-ға жол бермеген. Соққыдан кейін Toyota екі жаяу жүргіншіні қағып, бағдаршамға соғылған.

Апат салдарынан екі жаяу жүргінші мен екі көліктің жолаушылары жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы