Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада екі айда 35 келіден астам есірткі тәркіленді

17 Тамыз 2025, 19:11
686
Бөлісу:
 Арман Мухатов  архив
Фото: Арман Мухатов архив

Астана полицейлері 2025 жылдың 1 маусымынан бері елордада өтіп жатқан «Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасының аралық қорытындыларымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шара барысында 195 есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар медициналық мақсатта қолданылмайтын тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін шамамен 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

28 есірткі қойып кетуші курьер ұсталды, есірткіні жарнамалайтын 302 сайтты бұғаттауға жолданды, жалпы сомасы екі миллион теңгеден асатын 173 банк шоты бұғатталды, – деп мәлімдеді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы