Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада дрифт жасаған 26 жүргізуші жауапқа тартылды

Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Демалыс күндері полиция қызметкерлері жолда дрифт жасаған 26 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жалпы пайдаланудағы жолдарда дрифтке және басқа да қасақана маневрлерге тыйым салынғанын ескертеді.

Жолда дрифт жасаған 26 жүргізуші анықталды. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамыз. Жолдағы қауіпсіздік — ортақ жауапкершілік, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы