Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Домалақ ана көшесінің Қорғалжын тасжолынан Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі аралығына жөндеу жұмысы аясындп жол жабынының жоғарғы қабатын төсейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған байланысты, 7-8 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.