Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында "Турин Кебіні" және "Қасиетті кітаптар" атты екі халықаралық рухани-мәдени көрме ашылды. Көрмелер Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында 2025 жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
.jpg)
Көрмені Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашты.
.jpg)
Жақын арада Астана қаласында халықаралық диалог пен ынтымақтастықтың жаңа дәуірін ашатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің сегізінші отырысы өтеді. Жаһандық іс-шара қарсаңында ашылғалы тұрған "Турин кебіні" мен "Қасиетті кітаптар" көрмелері – рухани құндылықтарды дәріптейтін адамзаттың ортақ мұрасын терең танытатын тағылымды іс-шара, - деді ол ашылу салтанатында.
.jpg)
Қос көрменің басты мақсаты – әртүрлі діни конфессиялардың тарихи және рухани мұрасын кеңінен таныту арқылы қоғамда дінаралық түсіністік пен өзара құрметті нығайту, сондай-ақ көрмеге келушілердің рухани-танымдық көкжиегін кеңейту.
.jpg)
.jpg)
"Турин кебіні" көрмесі христиан әлеміндегі ең бағалы жәдігерлердің бірі Иса пайғамбардың денесі оралған деп есептелетін Турин жамылғысына арналды. Бұған дейін бірнеше елде таныстырылған экспозиция Қазақстанда алғаш рет көрсетілді. Көрмеде кебіннің дәлме-дәл көшірмесі мен 27 тақырыптық ақпараттық панель, сондай-ақ тарихи артефактілер, бейнематериалдар мен иллюстрациялық брошюралар ұсынылды.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
"Турин кебіні" көрмесі келушілерді әйгілі археологиялық ескерткіштің тарихымен және ғылыми зерттеулерімен таныстырады. Бұл реликвияны жиі "бесінші Інжіл" деп атайды. Бірегей қасиетті жәдігер ретінде ол көне заманнан бері ғылым өкілдері мен сансыз қажылардың назарын аударып келеді, Қасиетті жазбаны және Библия тарихын зерттеуге деген қызығушылықты оятады, - деді Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр.
.jpg)
.jpg)
"Қасиетті кітаптар" көрмесі – әлемдік діндердің қасиетті жазбалары арқылы әртүрлі діни дәстүрлердің рухани негіздерін көрсетуге бағытталды. Экспозицияда қасиетті мәтіндердің және түрлі діндер мен тарихи дәуірлерге қатысты сирек кездесетін қолжазбалардың 50 данасы ұсынылды.
.jpg)
Бүгін осы көрмеде көрсетілген қасиетті кітаптарымыз, соның ең үлкені, ұлығы Құран болса, басқа да дін өкілдерінің қасиетті кітаптары Інжілдің, Тәураттың көшірмелері осында орналасқан. Мұның барлығы сол діннің, сол халықтың үлкен өркениеті ғой, мәдениеті және оны зерттеу, ары қарай жалғастыру, болашақ ұрпаққа қалдыру өте маңызды, - деді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай.
.jpg)
.jpg)
Экспонаттардың ішінде VII ғасырдағы Құран қолжазбасы, XIX ғасырдағы сирек кездесетін Інжілдің нұсқалары, Кенесары ханның Құран кітабы, Талмуд, Тора, буддистік Трипитака және басқа да құнды кітаптар бар.
.jpg)
Аталған көрмені ұйымдастыруға Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы, Израильдің Иерусалим қаласындағы Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық музейі, Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы, Орталық мемлекеттік музейі, Қазақстандағы Православие шіркеуі, Астана синагогасы және каллиграф Орынбасар Асылбек қатысты.