Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының депутатығына сайлау нәтижесін хабарлады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Дауыстарды санау нәтижелері бойынша Бағдат Азбаев 6 дауыс, яғни 20,7 пайыз, Бибигүл Жексенбай 18 дауыс, яғни 62,1 пайыз, Наримаш Мұхамбеталина 4 дауыс, яғни 13,8 пайыз жинады. Сондай-ақ бір депутат «бәріне қарсымын» деп дауыс берген.
Қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова Астана қаласынан ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша дауыс санау нәтижелерін де айтты.
Зейнул Қабден 6 дауыс, барлық дауыстан 20,7 пайыз, Әбілқайыр Сайранбек 4 дауыс – 13,8 пайыз, Лукин Андрей 19 дауыс – 65,5 пайыз, - деді ол.