Астанада дәрігерлерге 100 млн теңгеге жуық төлем төленбеген

Елорда прокуратурасы медицина қызметкерлерінің құқығын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 istockphoto.com 16 Қазан 2025 2025, 12:15
16 Қазан 2025 2025, 12:15
760
Фото: istockphoto.com

Елорда прокуратурасы медицина қызметкерлерінің құқығын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізді.

Тексеріс барысында жұмыскерлердің конституциялық құқықтарының бұзылуы, яғни еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемеу фактілері анықталды.

Медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 90 млн теңгеден асатын міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 млн теңгеден астам ынталандыру сыйақылары төленбегені анықталды. Қабылданған прокурорлық ден қою шаралары бойынша берешек толығымен өтелді, медицина қызметкерлерінің құқықтары қалпына келтірілді, – делінген Бас прокуратура мәлімдемесінде.

Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Наверх