Астана қаласының Есіл ауданында Елубай Тайбеков көшесінде орналасқан екі қабатты дәмханада өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ғимаратты қалың түтін басқаны анықталды. Ғимараттың бірінші және екінші қабаттарындағы жиһаздардың жануы 80 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің бүкіл ғимарат аумағына таралуына жол берілген жоқ, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.