Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада бухгалтер жұмыс берушінің 400 млн теңгесін құмар ойынға салған

13 Ақпан 2024, 17:18
834
Бөлісу:
 Астана қаласының прокуратурасы
Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған.

Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды ақылға шақыра отырып, теріс бейімділікке бармауға ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы