Тәуелсіздік даңғылының учаскесі ішінара жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылында орташа жөндеу бойынша жол жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыстарды жүргізуге байланысты 16 мамырдан 1 маусымға дейін Р.Қошқарбаев даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейінгі Тәуелсіздік даңғылының учаскесінде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, - делінген хабарламада.